27 қаң, 2021 сағат 15:07

Алматыда карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлерге 10 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда қаңтар айының карантин шараларын сақтау бойынша 332 рейд жүргізілген. Бұл туралы қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында журналистер эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қалада карантин күшейтіле ме деген сұрақ қойды. 

«Бұл бағытта қандай шаралар қабылданатындығы пысықталуда. Жаңа шектеу шаралары туралы кейін айтатын боламыз», - деді Бекшин.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 1-26 қаңтар аралығында 332 рейд жүргізіліп, 2544 нысанда 180 (7%) заңбұзушылық анықталған. Осы бағытта 107 хаттама толтырылды, оның ішінде 29 заңды тұлғаға 10 399 105 теңге айыппұл салынған. Ал 78 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін 3 412 890 теңге айыппұл салынды.

ҚР ӘқбК 462-бабының 3-тармағымен 12 материал сотқа берілді.