25 қар, 2019 сағат 08:45

Алматыда қар тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр

Алматыда қардың үздіксіз жауып жатқанына бір тәуліктен асты, болжам бойынша 25 қараша күні түстен кейін тоқтау керек, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Жауған қардың қалыңдығы қалада 8-13 см,  ал таулы аудандарда ол 18 см жеткен.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, көктайғақтың алдын алу үшін түнімен жолдарға құм және өзге де материалдар себілген. Сондай-ақ, көшені қардан тазарту үшін 627 адам мен 417 арнайы техника жұмылдырылған, оның 172-сі құм сепкіш көлік. 

«Ал таңертең 508 техника мен 1788 адам көшені тазалауға шықты. Қаланың жоғарғы аудандарында жаяу жүргіншілер жолын тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды. Таңғы көлік кептелісіне дейін тротуарлар мен қоғамдық көліктің аялдамасы, жер асты өткелдерінің шыға берісі тазаланды»  делінген хабарламада.