Фото: ашық дереккөз
Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтап, оны университетке қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.
Тергеу барысында белгілі болғандай, университеттің бұрынғы басшылығы тұрғын үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, жалпы ауданы 2500 м²-ден асатын жатақхананы жеке жоғары оқу орнына заңсыз жалға берген. Бұл әрекеттер тендер ұйымдастырмай және өткізбей жүзеге асырылған. Кейіннен ғимарат жеке ЖОО-ның меншігіне заңнама талаптарын өрескел бұза отырып сатылған.
Жатақхананың әкімшілік корпусы өзінің негізгі мақсатынан тыс пайдаланылып, түрлі бизнес қызметтеріне жалға беріліп келген.
Түрксіб ауданы прокуратурасы бұл заңсыз әрекеттерге қарсы талап-арыз беріп, соттың заңды күшіне енген шешімімен жатақхананы университет меншігіне қайтаруға қол жеткізді.