Алматыда ертең төтенше жағдай режимі толық аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы комендатурасы 19.01.2022 жылы сағат 00:00-де Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағаттың аяқталатынын мәлім етті.
Алайда Алматы аумағында антитеррорлық іс-шара режимі және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі сақталады.
«Терроризмге қарсы іс-шаралар аясында Алматы қалалық полиция департаменті, Ұлттық ұланның және ҚР қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлерінің күштері қаланы тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді. Блокпосттар жұмысын жалғасады.Террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың заттарын, көлік құралдарын жеке тінтуге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілгенін еске саламыз. Шерулер мен митингтерге тыйым салынады», - делінген хабарламада.
Антитеррорлық іс-шара режимінің аяқталу мерзімі әлі белгісіз.