01 шіл, 2023 сағат 15:33

Алматыда ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Фото: egovpress/telegram

Алматыда ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, аңшылық шолақ мылтықпен өз танысын атып өлтірген 1991 жылы туған И. есімді күдікті ұсталған.

Алдын ала белгілі болғандай, екі ер адам арасында туындаған жанжал салдарынан біреуі қару қолданған. 

Айта кетейік, бұған дейін Telegram-арналардың бірінде Алматы қаласындағы Байзақов көшесінде ер адамға оқ тиіп, ол оқиға орнында қаза болғаны туралы ақпарат пайда болған еді.