Алматыда дезинфекция жұмыстарына 293 млн тенге бөлінді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Жалпы дезинфекцияға 293 миллион теңге бөлінді, егер әрбір кіреберістің бағасына тоқталар болсам, онда ол 600 теңгеден 9 мың теңгеге дейінгі аралықта. Мысалы, екі қабатты үйдің кіреберісін алсаңыз, онда бір реттік залалсыздандыру 600 теңгені құрайды, ал 28 қабатты үйдің кіреберісі 9 мың теңге»,– дейді қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ержан Сейтенов.