16 қаң, 2022 сағат 21:17

Алматыда бүлік кезінде 1300-ден астам қару ұрланды - полиция департаменті

© AP Photo / Vladimir Tretyakov

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде 1347 қару ұрланды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Террористер 7 қару-жарақ дүкенін басып алды. 1 347 қару ұрланған. Оның ішінде - 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы, 39 газ травматикалық қару", - деді Таймерденов брифингте.

Тәртіпсіздік кезінде 356 көлік зақымданған. Оның 163-і полицияның қызметтік көлігі.

Таймерденов полиция департаментін басып алу мақсатында 27 шабуыл ұйымдастырылғанын айтты.

Ол Алматыдағы оқиға кезінде атыс-шабуыл туралы жалған хабарламалардың көп түскенін атап өтті.

"Лаңкестер Алматы халықаралық әуежайын басып алды. Сауда-ойын сауық орталықтары мен қаржы орталықтарына шабуыл жасалды. Қаланың әр түкпірінде бір мезгілде әртүрлі ғимараттарға мина қойылған. Осы күндері атыс-шабуыл туралы жалған хабарламалардың көптеп түскенін атап өткім келеді. Бұл тактиканы лаңкестер полицияны шаршатып, күштерді осал етуі үшін қолданған", - деді департамент бастығы.