28 қаң, 2022 сағат 20:08

Алматыда «Ashyk» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс уақыты белгіленбейді


Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері жұмыс уақыты белгіленбейді.

Қаулының жеке тармағында оқу штаттық форматта өтуіне рұқсат берілген:

  • мектепке дейінгі ұйымдарда;
  • жалпы білім беретін мектептерде қоса алғанда 600 оқушыға дейін;
  • бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық сыныптардағы 5-6 сыныптар);
  • саны 600-ден аса оқушысы бар мектептерде - мектептердің жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын жүктемесі бар мектептерде;
  • мектептен тыс ұйымдарда;
  • колледждер мен жоғары оқу орындарында аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика - кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер - онлайн.
  • білім беру ұйымы әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинаның толық курсын алған оқушыларды штаттық форматта оқытуға рұқсат беріледі.

Коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты келесі ережелер белгіленеді:

  • егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспаса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғаны құжат түрінде расталса, үй карантиніне оқшауланбайды;
  • 7-ші күні COVID-19-ға ПТР арқылы тексеріледі, ПТР теріс нәтиже көрсетсе, үй карантині аяқталады.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысының толық мәтінін осы жерден оқи аласыздар.