28 сәу, 2022 сағат 17:17

Алматыда Әл-Фараби даңғылында көлік аударылып, жүргізуші қаза болды

Фото: Zakon.kz

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Кадрларға қарағанда, көлік жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Видео танымал пабликтерде жарияланды.

Алматы полициясы мәліметінше, көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болған.

"Оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Nissan көлігінің жүргізушісі жолдағы көліктерге соқтығысып, салдарынан аударылып қалған. 1951 жылы туған жүргізуші оқиға орнында қаза болды. Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалады, оның ішінде адам өліміне де қатысты", - деді Алматы ПД Анықтау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.