13 қаң, 2022 сағат 17:45

Алматыда әкімдік ғимаратын тазарту жұмыстары басталды


Бүгін Алматыда қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған шамамен 660 адам жұмылдырылған. Тазарту жұмыстары жақын арада аяқталмақ.

Қираған жиһаз, кеңсе техникасы, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады. Ал, тазалау қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.

Бөгде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратқа және іргелес аумаққа кіруге тыйым салынған.

Әкімдік мәліметінше, қалпына келтіру жұмыстары тазартудан кейін бірден басталады.