02 ақп, 2021 сағат 15:03

Алматыда 900 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Алматыда 900 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

1 ақпанда 360 медицина қызметкері вакцина салдырған.

«Бүгін вакцина салдырған медицина қызметкерінің саны - 540. Күннің соңына дейін вакцина салдырғандар саны артатын болады», - деп хабарлады басқармадағылар.

Ведомство мәліметінше, кеше, яғни 1 ақпанда вакцинациядан 32 медицина қызметкері бас тартты.

«Оларда ЖРВИ, жөтел және де басқада созылмалы аурулары болды. Бұл қызметкерлер денсаулығы жақсарғанан кейін екпені салдыра алады. Әзірге 2-4 аптаға кейінге қалдырылды. Вакцинациядан өткендерде жағымсыз әсерлер байқалған жоқ»,- деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасы.