04 мам, 2022 сағат 19:43

Алматыда 7 мамыр қандай іс-шаралар өтеді?


Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында түрлі іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды шаһар басшысының баспасөз қызметі.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында қаланың барлық мектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, мәнерлеп оқу және эссе байқаулары өтеді.

"Мереке қарсаңында Ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар органдарының ерекше көзге түскен қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етіледі.

Сондай-ақ, Алматыда үш күн бойы, 7-9 мамыр аралығында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан сарбаздардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді" - делінген хабарламада.

Ал 7 мамырда сағат 16.00-де Республика сарайында Отан қорғаушылар күніне және ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді, оның барысында ардагерлер мен әскери қызметшілерге құрмет көрсетіледі.