10 қаң, 2020 сағат 15:48

Алматыда 500-ден астам көпбалалы отбасыға баспана беріледі

Биыл Алматыда 500-ден астам көпбалалы отбасыға баспана беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылы Алматыда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 500-ден астам көпбалалы отбасыға баспана беру жоспарланып отыр», -деді баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Бұған дейін ол алматылық 661 көпбалалы отбасының баспанамен қамтамасыз етілгенін айтқан болатын. Оның ішінде 10 пәтер демеушілік қаражат есебінен алынды.

Сондай– ақ, өткен жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылар үшін 284 пәтер сатып алынды.