Алматыда бірнеше адамға оқ атқан Игорь Дужновтың ісі сотқа жолданды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Игорь Дужновқа қатысты қылмыстық іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді», - деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.
Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты. Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды.
Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды.