
Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы ағаш отырғызу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«Биыл қала бойынша 300 мың жасыл желек егу көзделіп отыр. Ағаш отырғызу жұмыстары 2 кезеңмен көктем (наурыз, сәуір) және күз (қазан-желтоқсан) айларында жасалады «, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Алатау ауданында - 103 813 , Бостандық ауданында - 25 089 , Жетісу ауданында- 20 613 , Наурызбай - 21 702 , Түрксіб ауданында - 20 805түп отырғызылады.
Еске сала кетейік, Алматыда көгалдандыру бойынша «Jasyl Almaty» бойынша жобасы жүзеге асырылып жатыр.
