#
#
Жұма 14/08/2020

Алматыда 16 жастағы студент екі күннен бері табылмай жатыр

  • 11.12.2019
  • 0
  • 332

Алматыда 16 жастағы колледж студенті із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2003 жылы туған Айғаным Ақымбекова Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің 2-курс студенті. Ол 9 желтоқсан күні таңғы 06:30 үйден шығып, қазіргі уақытқа дейін қайтып оралмаған.

«Қызым осыдан екі күн бұрын әдеттегідей таңғы 06:30 үйден шығып, колледжге сабаққа кетті. Достарының айтуынша, ол сағат 13:00 де сабақтан шыққан. Сосын қасындағы құрбыларына № 45- ші автобусқа отырып кететінен айтыпты. Өкінішке орай, оның автобусқа отырып кеткенін ешкім байқамапты.Содан бері іздемеген жерім жоқ. Ауруханалардың барлығын аралап шықттым жоқ. Полицияға да арыз жаздым. Әзірге ешқандай ақпарат жоқ»,- дейді студент қыздың анасы Күләш Ақымбекова.

Ол үстіне қара түсті куртка, қара джинсы шалбар және қара түсті етік киген.

Іздестіріліп жатқан қыз туралы қандайда бір мәліметті білген жағдайда анасына мына 87473775329 телефон нөмері арқылы хабарласуды сұраймыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар