11 ақп, 2021 сағат 14:46

Алматы жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары вакцинадан кейінгі жағдайы туралы айтты

Алғашқылардың бірі болып «Спутник V» вакцинасын салдырған Алматы жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары Александр Лазарев қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Мен Ресейдің «Спутник V» вакцинасын салдырдым. Енді екінші дозаны 21 күнен кейін аламын. Жағдайым жақсы. Ешқандай кері реакция байқалмады. Өзімді жақсы сезінемін. Антиденелер 15 күнде пайда болуы керек. Мұны вакцинаның екінші дозасынан кейін қан анализі арқылы анықтауға болады», - деді Александр Лазарев.

Сонымен қатар ол адамдарға вакцина алудың қажеттілігін түсіндірді.

«Коронавирус инфекциясы өте қауіпті. Сондықтан вакцина алу керек деп ойлаймын. Егер сіз КВИ-ге қарсы вакцина салдырмасаңыз, оны жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін. Содан кейін, өкпеңіз зақымданады. Ал пневмония адамдар үшін өте қиын ауру», - деді ол.

Оның айтуынша, адамдар өз денсаулығына немқұрайлық танытпауы керек. Барынша сақтанып, санитарлық талаптарды орындауға міндетті.