11 шіл, 2025 сағат 13:25

Алматы ТЖД басшысы қызметінен кетті


Фото: Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті


Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев лауазымынан кетті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиқызының айтуынша, Атығаевтың қызметінен кетуі Назарбаев даңғылында болған өрт оқиғасына байланысты емес. 



– Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымындағы кадрлық өзгерістер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысы жоқ. Ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз, – делінген ведомство мәлімдемесінде.


Еске салайық, 9 шілдеде Назарбаев даңғылында "Газель" көлігі өртеніп, жарылыс болған. Алайда дау өрт шыққаннан кейін емес, өрт сөндірушілер келген кезде басталды – олар оқиға орнына суы жоқ көлікпен келген.