15 ақп, 2022 сағат 12:33

Алматы тұрғыны туннельде оқ-дәрілер салынған пакет тауып алды


Алматыда оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқ-дәрілерді «Дархан» ықшамауданының тұрғыны тауып, 102 пультіне бірден хабар берген. Айтуынша, ол туннельден оқ-дәрілер салынған пакет тауып алған. 

Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 мм калибрлі оқ, 9 мм калибрлі оқ, 2,3 мм калибрлі оқ, газтұмылдырық, револьвер, сонымен қатар, «Молотов коктейлін» тапты. 

«Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Қару мен оқ-дәрiлердiң көрсетiлген жерде пайда болу мән-жайлары жедел іс-шаралар барысында анықталатын болады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алған жоқ», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.