
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тауда көшкін жүруінің ықтимал екендігін ескертті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты ескерту негізінде: Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның көп түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 11-12 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін», – дейді департаменттен.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні жүру ықтималдығына байланысты қарлы беткейлерге шығуға болмайтындығын айтады, сонымен қатар тұрғындарға тауда абай болуға кеңес берді.
