Дәрігерлер Алматы тауларынан табылған қыздың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, құтқарушылар тапқан Әлия Камиев №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.
"Реанимация залында дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қызды шұғыл қарап, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық, аспаптық тексеру әдістері жүргізілді. Ауруханаға түскен кездегі қыздың жағдайы ауыр болды", - деді басқарма өкілі.
