10 жел, 2019 сағат 10:23

Алматы таксистеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

Алматыда такси жүргізушілеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек. Қала әкімдігі жолаушылар тасымалымен айналысатын аталмыш қызмет түрін жетілдіру мәселесін қарастырып жатыр, – деп хабарлайды қала әкідігінің баспасөз қызметі.

«Соңғы жылдары Алматы тұрғындары такси тасымалы сапасының төмендеп кеткеніне жиі шағымданады: таксидің құны қымбаттап, чек берілмей, жүргізушілердің дөрекілігіне байланысты көптеген даулар туындауда.Такси қызметінің сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ ашықтық пен саладағы көлеңкелі ақша айналымымен күресу үшін қала әкімдігі такси нарығын ұйымдастыру мәселесін қайта қарастыруда. Соған байланысты ресми тіркелген таксопарктердің такси көліктеріне автобус жолағымен жүруге рұқсат беру жоспарлануда. Одан күтілетін нәтиже – такси қызметінің сапасы көтеріліп, таксопарктердің табысы ашық болады» деп жазды қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Іnstagram-дағы парақшасында.