
2-3 ақпан күндері Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын түсіп, тау баурайындағы қардың тұрақсыздығына байланысты 2-3 қаңтар күндері қар көшкіні жүруі мүмкін. Қар жамылған тау беткейлеріне шықпауға кеңес береміз. Абай болыңыздар», - делінген хабарламада.
