
Ашық есік күні Алматы онкологиялық орталығында 13 ақпан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы онкологиялық орталығында қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді. Бұл күні бастапқы тексеруден өтіп, орталықтың жетекші мамандары: маммолог, гинеколог, хирург, онкодерматолог және урологтан консультация алуға болады.
Сондай-ақ көрсеткіштері бойынша сүт безіне, іш қуысы органдарына және кіші жамбасқа ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілетін болады.
"Тәжірибе көрсеткендей, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтаған кезде 95%-ға жуық емдеудің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге болады. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау тезірек сауығып кетудің кепілі", – деп атап өтті Алматы онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Төрешева.
Ашық есік күні Алматы қаласы, Папанин көшесі 220, А литері, 1 қабат мекенжайында өтеді.
Қосымша ақпаратты 8 (727) 312 2474 телефоны арқылы білуге болады.
