26 сәу, 2022 сағат 12:28

Алматы облысының бейресми жетекшілері болған - әкім Бозымбаев


Алматы облысында бейресми жетекшілер болған. Олар қазір өңірді басқармайды. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өңір басшысы қаңтар оқиғасын еске алып, қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушылар бір-бірімен байланысын үзбей, бірлесе жұмыс істегенін атап өтті.

"Гибрид тәсіл болды - халықтың наразылығын пайдалану. Қанағаттанбайтын нәрсе, нақты алғышарттар болды: белгілі бір дәрежеде жастар арасындағы жұмыссыздық және басқалары. Бізде Алматы облысының өз ерекшеліктері бар - оны тек әкімдер, әкімдік және құқық қорғау органдары басқармайды. Онда бейресми жетекшілер болған. Бақытымызға қарай, қазір олар басқармайды", - деп бөлісті Қанат Бозымбаев.