#
#
Сенбі 15/08/2020

Алматы облысының әкімі неліктен елордада ем алып жатыр - министрлік түсіндірмесі

  • 09.07.2020
  • 0
  • 223

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус жұқтырып алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ем алу үшін елордадағы Кардиохирургиялық орталыққа ауыстырылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлім еткендей, Амандық Баталовтың денсаулығы нашарлап кеткеннен кейін ол астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына жеткізілген. Өйткені, бұл орталық індет кезінде республикалық экстракорпоралды мембранды оксигеназа кезіндегі қарқынды терапия орталығы болып қайта жасақталған еді. 

«Бұл әдіс өкпені жасанды желдету көмек көрсетпейтін кезде қолданылады. Орталық жүрек-қан тамырлары аурулары аясында ауыр тыныс алу жеспеушілігі өршіген науқастарды қабылдайды», - деді Ажар Ғиният.

Естеріңізге сала кетсек, 22 маусым күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. 

Кейін әлеуметтік желіде өңір басшысы Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухананың бір бөлімінде жалғыз жатқандығы туралы ақпарат тарады. Бірақ әкімнің баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар