07 мам, 2022 сағат 09:57

Алматы облысында жерге байланысты дау туды


Алматы облысы Жаңатұрмыс ауылында жер иелері мен жергілікті тұрғындар көлемі 69 гектар болатын учаскені бөлісе алмай жатыр. Бір топ жылжымайтын мүлікті аукционда сатып алғанын, ал енді бір топ Одақ ыдырағаннан кейін жер үлестерін алғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Бірнеше жыл бойы жер үлесін күткен жергілікті шаруалар кенет оның сатылғанын білген. Олардың айтуынша, жер учаскелерін сатып алған адамдар бұрынғы совхозға ешқандай қатысы жоқ.

"Күшпен алу жүріп жатыр. Бір директор халыққа берілген ортақ жерді алып, ұжымнан құпия түрде кепілге қояды. Жер тек жалпы жиналыс арқылы бөлінеді және бұл - хаттама заңды дерек", - деді ауыл тұрғыны Марат Сембаев.

Тұрғындардың қолында рұқсат құжаттары жоқ. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұрын олар болған. Алайда мұрағатта сақталмаған, олардың тек көшірмелері бар. Енді шаруа қожалығын жылдар бойы дамытқан адамдар 69 гектар жер учаскесіне байланысты құқықтарын қорғауға мәжбүр.

"650 гектар жер бөлініп, әкімнің шешімі шықты, учаскеге меншік құқығы берілді. Бірақ содан кейін бұл жерлер мақсатына сай пайдаланылмай жатыр деп оны қайта алу туралы қаулы шығарды", - деді заңгер Ләззат Жапашева.

Зардап шеккен тұрғындар жер телімдерін бергісі келмей, құрылысқа кірісіп кеткен. Сонымен қатар, өзінің айтуынша, қолында барлық құжаты бар жердің жаңа иесіне бұл жағдай ұнамайды. Өйткені ол көп ақшаға сатып алған жеріне іргетас құйып қойған.

Телеарна мәліметінше, учаскелердің жаңа иесі жерге мемлекеттік акт және сатып алу-сату шарты бар екен.

"Заң менің жағымда, өйткені заң бойынша құжаттар, түпнұсқа мемлекеттік акті бар. Сатып алу-сату бойынша нотариалды түрде сатып алдым. Демек, бұл жерлерді қарызға алдым, учаске сатып алдым. Мен де халықтың бір бөлшегімін, олар мені халықтан алып кеткендей көрсетеді. Мен заңды түрде жер телімін сатып алдым", - деді Асхат Ысқақов.

Даулы мәселе жер инспекциясында қаралып жатыр.

"Несие беру арқылы бұл жер телімі "БТА банк" АҚ-на берілді. Кейін "Азамат Строй Инк" ЖШС төлей алмауына байланысты жер учаскесі "Проблемасы бар кредиттер қоры" АҚ басқаруына өткен. Қазір бұл учаске жаңа иелеріне тиесілі", - деді Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Сырым Жарқымбаев.

2016 жылы бұл істі сот қарастырғаны белгілі болды. Содан кейін сот шешімі жаңа жер иелерінің пайдасына қабылданған. Алайда тұрғындар бұған келіспей, аудандық прокуратураға арыз жазуға шешім шығарған.