7 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылы маңында жаппай төбелес болды. Оған 30-ға жуық адам қатысқан. Салдарынан оқиғаға қатысушылардың бірі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, алдын ала деректерге сәйкес, қақтығысқа екі ауылдың тұрғындары қатысқан.
"Әртүрлі калибрлі қарудың оқ-дәрісі, сондай-ақ екі Lexus және ВАЗ көліктері табылды. Жанжалға екі ауылдық округтің тұрғындары, негізінен 25-30 жас аралығындағы ауыл жастары қатысқаны анықталды. Қақтығысқа не себеп болғаны әлі анықталып жатыр", - деді Azattyq Rýhy Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.