03 там, 2023 сағат 10:21

Алматы облысында өгей әкесі қызын зорламақ болды деген күдікке ілінді

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы облысында ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді. Ол қыздың өгей әкесі екені анықталған, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 тамызда Қарасай ауданының Полиция басқармасына 1966 жылы туған Ж. кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрап жүгінген.

"Арыз сол күні ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 3-1-бөлігі, 1-тармағы бойынша аудандық полицияның СДТТБТ-ға тіркеліп, соталды тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1981 жылы туған М.-ны анықтап, ұстады", – деді Алматы облысы ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Тергеу барысында қылмысқа қатысы бар ер адам жәбірленушінің өгей әкесі екені анықталған. Ол кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынасқа түспек болған. Бұл уақытта олар туыстарының үйінде білім беру мекемесін таңдаймыз деген желеумен болған.

"Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды", - деп қосты полковник Әленов.