21 қыр, 2022 сағат 19:22

Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды


Алматы облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қыркүйек күні Талғар аудандық ПБ-ға Гүлдала кентінде кәмелет жасқа толмаған қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Тергеу барысында 11 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны анықталған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет) бойынша Талғар аудандық ПБ-да тіркелді.

Тексеру жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, қыз бесінші сыныпта оқыған. Ол өз үйінде асылып қалған.