30 нау, 2020 сағат 12:20

Алматы облысында коронавирус жұқтырған адам - Ұзынағаш ауылының тұрғыны

Алматы облысында коронавирус жұқтырған кейінгі науқас Ұзынағаш ауылының тұрғыны, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған. 29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын анықтады. Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды. 

Атат өтсек, 2020 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-мен ауырған 7 сырқат тіркелген.