10 шіл, 2020 сағат 19:11

Алматы облысында карантин: Дүкен мен дәріханадан басқаның бәрі жабылады

Алматы облысының аумағында ертеңнен бастап екі күн күшейтілген локдаун енгізіледі. Яғни азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа мекемелердің бәрі жабылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тұрғындар да сыртта себепсіз жүруге болмайды. Егер тәртіп сақталмаса айыппұл салынады. Онымен қоса, демалыс күндері қоғамдық көліктердің де жұмысы тоқтайтын болды. Ал бес күн бұрын елімізде енгізілген қатаң оқшаулау шаралары аймақта аз болса да нәтижесін беріп жатыр. Өйткені өткен аптада вирустың таралуы 4,4 пайыз болған болса, қазіргі уақытта көрсеткіш 3,4 пайызды құрайды.

«2020 жылғы 11 және 12 шілдеде қоғамдық көліктің, сондай-ақ барлық объектілердің қызметін тоқтата тұруды қамтамасыз ету. Облыстың коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар», - делінген Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасарының бүгін шығарған N20-шы қаулысында.