#
#
Бейсенбі 24/09/2020

Алматы облыстық білім басқармасы балабақшадағы даулы қойылым жөнінде түсінік берді

  • 13.12.2019
  • 0
  • 1023

Алматы облысының Талғар ауданындағы Талдыбұлақ ауылында «Бал бұтақ» жекеменшік балабақшасындағы тәрбиешілердің басы дауға қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде Желтоқсан оқиғасына қатысты балабақшада ұйымдастырылған ертеңгіліктің видеосы жарияланды. Онда бір топ бала қолында ойыншық қаруы милиция рөлінде болса, екінші бір топ бала оларға қарсы транспарант ұстап тұрған.

Осы жайтқа байланысты Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов жауап берді.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында бейнеде көрсетілен бағыттағы іс-шаралар қарастырылмаған және де ондай шараларды жүргізуге жол берілмейді. Бұл - жекеменшік балабақшаның өзіндік әуесқойлық қойылымы. Қазіргі таңда балабақша құрылтайшысы мен әдіскері Талғар аудандық білім бөліміне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шақырылды. Сондай-ақ, өз тарапымнан, осындай іс-әрекетке жол берілмеуі керектігі туралы және осындай іс-әрекеттерге жол берген осы адамдарға ең қатаң жазалау шаралары қолданылатын мәлімдеймін», - деп жазды Дәурен Жүнісов Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел осы жайтқа байланысты Талғар аудандық білім бөлімінің басшылығына да шара қолданылатынын жеткізді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар