16 қаз, 2019 сағат 06:17

Алматы мен Екатеринбург арасында әуе рейсі ашылады

22 желтоқсанда Ural Airlines әуе компаниясы Екатеринбург пен Алматы арасында жаңа рейсті іске қосады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ Азаматтық авиация қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер аптасына екі рет A320 типті әуе кемелерінде орындалады.

«Екатеринбургтен жұма және жексенбі күндері сағат 22:00-де, Алматыдан - дүйсенбі мен сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 07:15-те ұшатын болады. Ұшу ұзақтығы - 3 сағат», - делінген хабарламада.

Ural Airlines - ірі ресейлік әуекомпаниялардың бірі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ол 9 миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған.