23 қаң, 2022 сағат 18:21

Алматы маңында жер сілкінді


23 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 16.01-де Алматы қаласы маңында жер сілкінді. Бұл ақпаратты сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экпедициясы жариялады, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке 9,9 километрде, Алматы облысының таулы аймағында, жердің 10 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 8, ал магнитудасы 3.1", - деп хабарлады сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экпедициясы.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін айтты.