Алматы маңында тағы бір қару-жарақ жасырылған қойма табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полиция мәліметінше, қару-жарақ қоймасы Іле ауданы, Алматы - Өскемен тасжолының бойында жасырылған.
«Оны жергілікті қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері анықтады. Қоймадан 22 калибрлі «Марлин» және 308 калибрлі «Tikka» мылтығы табылды. Белгілі болғанындай, атыс қарулары Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бірінен қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған»,- деп хабарлады полициядан.
Қару-жарақ баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Тергеу аяқталғаннан кейін қару заңды иесіне қайтарылады.
2022 жылдың басынан бері Алматы облысында 200-ге жуық атыс қаруы тәркіленді. Оның 133 тапанша.