Алматыда тағы 3 мың бейнекамера пайда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы уақытта 3 мың бейнебақылау камерасы орнатылады. Қала тұрғындарының қауіпсіздік шараларын ұйымдастырудың маңызды жобасы бірыңғай бейнебақылау жүйесі болмақ. Егер бұрын тек жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі ПД ЖБО арқылы бақыланатын болса, 2020 жылдан бастап орталық азаматтардың көп жиналатын жерлеріндегі, аулалардағы және аулаларға, полиция пункттеріне іргелес аумақтардағы қозғалыс мәртебесіне ене бастады. Алдағы 2 жылда қаладағы барлық жағдайды көру үшін камераларды сауда орталықтарымен және басқа да жеке меншік нысандарымен біріктіруді жоспарлап отырмыз», – деді Алматы қалалық ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Ольга Агафонова.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 4-7 қаңтар аралығындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 75 «Сергек» кешені, яғни 304 бейнекамера, сондай-ақ РТРК ғимаратында орналасқан байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шықты.
Бүгінгі күні барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді.
Талшықты-оптикалық тарату жүйесі арналарына қосылуға арналған жеке жүйесі бар 1 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері» жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ шкафтар мен тарату жабдықтары істен шықты. Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр.