#
#
Дүйсенбі 03/08/2020

Алматы көшелерін 2 мыңға жуық әскери қызметші зарарсыздандыруда

  • 26.03.2020
  • 0
  • 398

Алматыда ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қала көшелері мен ғимараттарын, қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала бойынша зарарсыздандыру жұмыстарына Алматы гарнизонының 2 мыңға жуық әскери қызметшісі жұмылдырылған.

Арнайы бөлімше қызметкерлері Алматыдағы 248 нысан: мектеп, балабақша, балалар алаңы, емханалар, терминалдар аймағын зарарсыздандырды.

Сонымен қатар ҚР Қарулы Күштерінің арнайы бөлімшелері автобус аялдамаларын, тротуарларды, автокөлік тұрақтарын дезинфекциялайтын болады. 

Ол үшін жеке құрам қажетті арнайы техникамен, дегазациялық костюмдермен, зарарсыздандыру сұйықтықтарымен қамтылған.

«Біздің басты мақсатымыз – инфекцияның таралуын тоқтату. Коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағаттай, заттардың үстінде 48 сағат тұрады деген мағлұмат бар, ауа арқылы жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан, көшелер мен қоғамдық орындарды дезинфекциялау – жұмыстың аса маңызды бағыты. Бүгінде жалпы көлемі 1 млн 392 шаршы метр болатын 81 нысан зарарсыздандырылды. Оған 500 адам 24 техника жұмылдырылды», - деді майор Алмас Қасымханов.

Айта кету керек, карантин режимін сақтау аясында 21 блокбекетте 230 әскери қызметші қызмет етіп жатыр. 

Осы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 97-ге жетті. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар