Алматының бас санитар дәрігері қала көшелері немен зарарсыздандырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, қаладағы көшелер мен аулаларды зарарсыздандыруға 0,05% натрий гипохлориті қолданылады.
«Бұл дезинфекция құралын жаппай зарарсыздандыру үшін пайдалануға рұқсат берілген. Құрамында токсин аз. Ауру ошақтарын зарарсыздандыруға 1% ерітіндіні қолданамыз. Қолдану кезінде барлық сақтық шаралары жасалады», - деді Айзат Молдақасымова.