04 шіл, 2022 сағат 16:04

Алматы базарларының бірінен өрт шықты


Алматыда "Бақорда" базарынан өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты қалалық ТЖД растады.

Әлеуметтік желілерде өрт орнынан видеолар жарияланды. Ролик сипаттамасында алдымен қоқыс жанғаны, кейін от жақын маңдағы ғимаратқа және автомобиль шиналарына тарағаны жазылған.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 4 шілдеде түсте болған. 

"Қоқыс пен пайдаланылған шиналар жанып жатты. Өрттің жалпы аумағы 35 шаршы метр. Өрт 12.50-де дереу оқшауланды, ал 12.57-де жойылды. Барлығы жұмыс тәртібінде болды. Бір автоцистерна және бес қызметкер жұмыс істеді", - деді ТЖД өкілдері.