03 ақп, 2021 сағат 12:24

Алматы ауданындағы 100% медқызметкерге вакцина егілді

Наурызбай ауданының медицина қызметкерлеріне жоспарлы түрде 100% екпе салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматыдағы №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген атап өткендей, жалпы Наурызбай ауданы бойынша 4 емхананың 160 медицина қызметкеріне екпе салынды.

«Оның ішінде, біздің емханымыздан 84 қызметкер бар. Біздің барлық медицина қызметкерлері өз еркімен вакцина алу туралы өтініш берді. Егу алар алдында барлық қызметкерлер дәрігердің тексерісінен өтті. Мұнда дене қызуы өлшенеді, эпидемиологиялық анамнезі қаралады, уытты заттарға деген әсері, жүрек соғысының жиілігі және тағы басқалары. Егер температурасы 37°С-дан асқан жағдайда вакцина салынбайды. Бір құты 5 адамға арналған. Екпеден соң қызметкерлер жарты сағаттың ішінде арнайы қарастырылған кабинетте әріптестердің бақылауында болады. Қазіргі таңда, екпе алғандардың жай-күйі жақсы, ешқандай жанама әсер берген емес», — деп айтты Гүлжайнат Тілеген.

10 адамнан соматикалық аурулар анықталғандықтан екпе салу кейінге шегерілді. Бұл қызметкерлер денсаулықтары жақсарған соң салдырады.