15 қаң, 2022 сағат 13:16

Алматы әкімі лаңкестердің қолынан зардап шеккендердің жағдайын біліп қайтты


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев лаңкестердің қолынан зардап шеккендерге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімі қаланың клиникалық ауруханаларының бірінде болды. Онда лаңкестік әрекеттер кезінде зардап шеккендер жатыр. 

Қала әкімі зардап шеккендерге қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс айтты. Барлығына қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізді. 

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев алматылықтардың атынан сол күндері өз денсаулығы мен өміріне қарамай, қала қауіпсіздігін қамтамасыз еткендердің барлығына алғыс айтты.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр және қала біртіндеп қалыпты тіршілікке қайта оралуда.