Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы бүлік кезінде 4 жасар қыз баласы қайтыс болған көпбалалы отбасыға барып, көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда жаппай тәртіпсіздік белең алған тұста 4 жасар Айкөркем Мелдехан қайтыс болып, оның оның 15 жасар әпкесі Жанель жарақат алған.
Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қайғыдан қара жамылып отырған көпбалалы отбасыға барды.
Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы және анасы Динара Адамоваға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтты.
Қайтыс болған қыздың әпкесі Жанель қазір жарақатпен реанимацияда жатыр.
Бақытжан Сағынтаев Жанельдің сауығып кетуін, ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі.
Отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, оларға 3 бөлмелі пәтер берілетін болды.