Фото Тengrinews.kz/Алихан Сариев и Айнаш Ондирис
Алматы әкімдігі ғимаратына 20 млрд теңгенің шығыны келтірілді. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде келген шығын есептеліп жатыр.
Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі - 112,6 млрд теңге. Оның 67 млрд теңгесі бизнес субектілеріне тиесілі.
Алматыдағы бүліктен кейін 240 нысан зардап шекті.
Басым бөлігі есік-терезесін ауыстыруды қажет етеді және жартылай өртенген нысандар бар.
Оның 27-і - мемлекеттік мекеме ғимараты, 216-ы - шағын және орта бизнес нысаны.
«Әкімшілік ғимараттарға 22,6 млрд теңге шығын келді. Алматы әкімдігі ғимаратына - 20 млрд таңге, прокуратура ғимаратына – 2 млрд, полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 млн, экобекеттерге - 163 млн, медицина нысандарына – 2 млн теңгенің шығыны келген», - дейді ол.