Әнші Алмас Кішкенбаев бұған дейінгі дау-дамайлы оқиғадан кейін алғаш рет желіде көрініп, өзінің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді. Ол қолдау білдіргендерге алғыс айтып, сол уақытта жағдайды ушықтырып, хайп іздегендерге өкпесін жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.
"Барлығы құдайға шүкір аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін", - дейді Алмас.
Кішкенбаев сот шешімін мойындайтынын, алайда өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін және ешқашан келіспегенін ашық айтты. Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысты ешқандай сұрақ күтпейтінін және бұл жағдайды осы жерде аяқтауды дұрыс деп санайтынын жеткізді.
Еске сала кетсек, бұған дейін сот Алмас Кішкенбаевқа қатысты істі қарап, оны 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарған еді. Сот мәліметінше, әнші 17 жастағы жасөспірімге сүйкенді деген айып тағылған.