Фото: instagram.com/almiratursyn
Кинорежиссер Ақан Сатаев пен оның екінші әйелі, актриса Альмира Тұрсын балалы болды. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Альмира Тұрсын қыз бала дүниеге келгенін хабарлап, сәбидің атын кім қойғандарын да айтты.
"Бізде АЙЯ-САФИЯ есімді қызымыз дүниеге келді.Ол – менің арманым, дұғам, Алланың жауабы әрі сыйы. Жаратқан Иеге мадақ пен шүкіршілік!" - деп жазды актриса.
Айта кетейік, Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі, Назира Бақаева берген сұқбат қоғамда қызу талқыланған болатын. Ол өз сұхбатында жеке армандарын, мақсаттарын ұмытып, ұзақ уақыт тек келін, жар және ана рөлінде ғана қалуға тырысып келгенін жеткізді. Сонымен қатар Альмира Тұрсын ажырасудың негізгі себептерінің бірі болғанын да айтқан.
