02 қаз, 2021 сағат 10:40

Әлімханұлының келесі айқасының постері жарияланды


Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KO) 5 қараша Лас-Вегаста рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл күні қазақ боксшысы орта дивизионда WBA және WBO чемпионы болған 37 жастағы Хассан Н'Дама Н'Жикамамен (38-5, 21 KO) жұдырықтаспақ.

Осыған байланысты Жәнібек өзінің Instagram парақшасында осы айқастың ресми потсерін жариялады:


Бұған дейін Әлімханұлының кездесуі 5 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетіні хабарланған болатын. Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы Микаэла Майер мен IBF белбеуінің иегері Майва Хамадуш кездесетін Top Rank бокс кешіне қатысады деп жоспарланған.