Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KO) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жекпе-жек 5 қарашада Top Rank промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен Лас-Вегастағы бокс кешінде өтеді.
"Мен өзгелерден ерекпін және мұны бәрі біледі. Менің стилім басқа. Қазақ стилі - әлемдегі ең үздігі. 5 қарашада мұны көрсетемін", - деп жазды Жәнібек Twitter-де.
Әлімханұлы үшін бұл биылғы екінші жекпе-жек болмақ. Маусымда ол Лас-Вегаста әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңген еді.
1707 рет оқылды