Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады. Кездесуде саланың қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар сөз болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Негізгі көрсеткіштер:
-
Өмір сүру ұзақтығы – 75,4 жас (әлемдік орташа деңгейден жоғары).
-
Жалпы өлім-жітім биылғы алғашқы жартыжылдықта 3%-ға төмендеді.
-
Ана мен бала өлімі тарихтағы ең төменгі деңгейге жетті.
Саладағы өзгерістер:
-
«Қолжетімді емхана» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр.
-
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мен оның айналымына бақылау күшейтілді.
-
Дәрігерлер тапшылығы 2024 жылмен салыстырғанда республика бойынша 19%-ға, ауылдарда 16%-ға азайды.
-
Әлеуметтік осал топтағы 1 млн адам келесі жылдан бастап медициналық сақтандыруға қосылады.
Дәрігерлерді қорғау:
Заңнаманы қатаңдату және медицина қызметкерлеріне шабуыл жасалған жағдайда шұғыл көмек көрсету тетіктері енгізіледі.
Президенттің тапсырмалары:
-
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында елді мекендердегі алғашқы көмек нысандарының құрылысын биыл аяқтау.
-
Міндетті медициналық сақтандыруды тиімді ету.
-
Маңызды дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін дамыту.
