Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол Нұр-Сұлтанда 6 шілдеде өтетін бокс кешіне орай келген. Еске салайық, бокс кешін MTK Global танымал промоутерлік компаниясы ұйымдастырып жатыр. Жекпе-жекті ESPN, iFL TV, QazSport және басқа да шетелдік телеарналар тікелей эфирден көрсетеді. Бокс елорда уақытымен 17:00-де басталады.
Кеш аясында үш титулдық айқас болады: WBO Inter-Continental титулы үшін қазақстан боксшы Жанқош Тұраров (23-0, 16 КО) пен аргентиналық Мауро Годой (31-4-1, 16 КО), WBC әлем чемпионы титулы үшін француз Нордин Оубали (15-0, 11 КО) мен фйилиппиндік Артур Вильянуэва, WBC International титулы үшін қазақстандық Виктор Коточигов (9-0, 4 КО) пен италиялық Хайро Лопес (24-10, 16 КО) күш сынайды.